Меню KDT

"Астана Опера"театрына экскурсия

Өскелең ұрпақ бойына этикалық, эстетикалық, мәдени, дағдыландырын қалыптастыру мақсатында 9 «Б» сынып оқушылары «Астана Опера» опера және балет театрына экскурсия жасады.


Өскелең ұрпақ бойына этикалық, эстетикалық, мәдени, дағдыландырын қалыптастыру мақсатында 9 «Б» сынып оқушылары «Астана Опера» опера және балет театрына экскурсия жасады. Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен салынған болатын. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің кереметтілігімен таңғалдырады. Архитектура жағынан ол Миланның «Ла Скала», Мадриттың патша театры, Мәскеудің үлкен театрынан, Нью-Йорктің опера-метрополитенінен т.б. кем түспейді. Кіре берісте мүсінші М.Мансуров, Т.Ермеков «Қобызшы», «Жетіген және қыз» композицисы безендіріп тұр. Театрдың бас кіреберісінің маңдайшасына қола квадрига – төрт пар ат жеккен қос доңғалақты арбаның үстінде қолына лира ұстаған сақ патшайымы Томиристің (Тұмар) мүсіні қойылған.Вестибюль, фойе, көрермендер залы және басты сахна жоғары классицизм стилінде жасалған. Негізгі залға 1 мың 250 көрермен сияды.


Комментариев нет
Просмотров: 406
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.10.2014 в 00:00