Меню KDT

«Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»


Қазақстандық отбасылардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, отбасы проблемаларына назар аудару   – мемлекеттік  басым бағыттардың бірі, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі! 
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында 6 желтоқсан күні сағат 10.00-де  мектебіміздеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша 5-6-7 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған  «Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында  республикалық  конференциясы өтілді. 
«Нұр Отан» партиясының атынан  ата-аналар жиналысына «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа ауданы  саяси кеңес мүшесі Құттыбаев Ұлан Сансызбайұлы  қатысып,  жиналысқа қатысушы ата-аналарға құттықтау лебізін білдірді.Отбасылық тәрбие саласындағы мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламасының түлегі  психолог Жунусова Назым Зиядаевна  ата-аналарға  бала тәрбиесіне байланысты кеңестер берді.  Отбасылық тәрбие жөнінде  бейнероликтер көрсетілді, ата-аналар сауалнама  толтырды. Жиналыс соңында  ата-аналарға жаднама таратылды.





Комментариев нет
Просмотров: 389
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.12.2014 в 00:00