Меню KDT

Азаттықтың ақ таңы

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай
«Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік жиын туралы мәлімет


Тәуелсіздік күні мерекесінеорай
«Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік жиын туралы мәлімет

 

№ 24 орта мектепте Тәуелсіздік күні мерекесінеорай «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы Төрайымының бірінші орынбасары - Сейітов Ахмет Мағзұмұлы, «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалының консультанты- Ахмеди  Ерлан Ерікұлы және оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасы туралы  бейнеролик көрсетіліп, еліміздің Тәуелсіздік алған уақытынан бергі  жылдарында болған атаулы оқиғаларына  мектебіміздің «жас ұландықтары мен жас қырандықтары» шолу жасады. Патриоттық әндер шырқалып, күй тартылды. Салтанатты жиыннан оқушыларымыз көтеріңкі көңіл күймен тарқасып, қонақтарымыз жоғары бағасын берді.









Комментариев нет
Просмотров: 451
Автор: 24mektep
Сайт: www.24.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2014 в 11:58