Меню KDT

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»


Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясында ҚР БҒМ  Мемлекет тарихы институты Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы және Білім басқармасының ұйымдастыруымен  12 желтоқсан күні  Қазақсатан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол »атты Қазақстан халқына Жолдауының аясындағы  «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан республикасының дамуы мен қалыптасуы тақырыбындағы мәселелер талқыға түсті.

Дөңгелек үстелде  Білім басқармасының бөлім бастығы Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы сөз алып, бүгінгі дөңгелек үстелде оқылатын баяндамашыларды таныстыра отырып,баршаны келе жатқан Еліміздің Тәуелсіздігімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізіп,әріптестеріне шығармашылық шабыт пен зор да мықты денсаулық тіледі.

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері п.ғ.к. Дүйсен Сейтқали Жахияұлы «Тәуелсіздік белестері»тақырыбында   және  Қалиев Жабай Нұрмақұлы  «Қазақстанның қаруылы күштері және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында өз баяндамаларын оқыды.Сондай-ақ Мемлекеттік тарих институтының бөлім бастығы К.М. Ильясова және қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері:№17 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі С.У.Байменова,№56 мектеп-лицей А.С.Мұқанова,№59 мектеп-лицей С.М.Абдахова,№58 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімдері Масғұт Хасен және Б.Д.Бимендин өз баяндамаларын ортаға салып Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен болашағы туралы   келелі ойлар, сындарлы саяси пікірлер ортаға салынды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаева айтқандай «Тәуелсіздікті алғаннан гөрі, Тәуелсіздікті сақтап қалу қиын» Тәуелсіздік  ел тұғыры,олай болса Тәуелсіз еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге жазсын!









Комментариев нет
Просмотров: 681
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.12.2014 в 00:00