Меню KDT

Нұрлы жол - болашақ бастауы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына  Жолдауы мектептің педагогтік Кеңесінде  талқыланды.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына  Жолдауы мектептің педагогтік Кеңесінде 2014 жылдың 15 қарашасында талқыланды. Кеңесте көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасылып, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын мектеп педагогтік ұжымының іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
         Сонан бері өткен бір ай шамасында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру жоғары сынып оқушыларымен, ата-аналармен жүргізіліп, арнайы жиындар, сынып сағаттары өткізілді.
«Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы  еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!  ...Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша Қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!, деген  Елбасы  тұжырымын жастар санасына сіңіру Қазақстан тарихы, қоғам, география, дүниетану, басқа пәндерді оқыту үдерісінде, сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда жалғасуда.

                                                      Самал Шабкенова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Комментариев нет
Просмотров: 401
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2014 в 00:00