Меню KDT

Тәуелсіздік күнімен!

15 желтоқсан 2014 жылы  Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік-Тәңірдің сыйы» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына  арналған  мерекелік  концерт өтті.


   Мерекелік концертте мектеп оқушыларымен қатар ұстаздар да өз өнерлерін көрсетті.  «Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!»,- деді метеп директоры Б.Сыздыкова. 
   Мерекелік концерттен ұстаздар, ата-аналар мен мектеп оқушылары көтеріңкі көңілмен, әсерлі күймен тарасты.

 


Комментариев нет
Просмотров: 331
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2014 в 00:00