Меню KDT

Тәуелсіздік ұраным-Таусылмайтын жыр -әнім

        Мектебімізде желтоқсанның 12 күні Тәуелсіздік мерекесінің 23 жылдығына   орай «Тәуелсіздік ұраным-Таусылмайтын жыр -әнім» атты мерекелік концерт болып өтті.


Астана қаласы білім басқармасы

   №44 орта мектебі

        Мектебімізде желтоқсанның 12 күні Тәуелсіздік мерекесінің 23 жылдығына   орай «Тәуелсіздік ұраным-Таусылмайтын жыр -әнім» атты мерекелік концерт болып өтті. Максаты Елбасының елеулі еңбегі мен өмір өткелдері , сындарлы саяси белестерін жас ұрпақтың санасына сіңіре білу,президенттің өнегелі де өрелі өмірін көрсете білу болып табылды.  Мерекелік шараға жауапты 8 «а», 8 «ә» сынып жетекшілері Сейтжанова С.Б, Масанова Г.С  және сынып белсенділері атсалыса қатысты.

    Елбасының Қазақстан халқының дамуына жасалған Президент шежіресі көрсетілід. 8-сынып қыздары мың бұралып «Қамажайды» билесе, күмбірлеген күй шежіресі «Қосбасар» ойналды.

8 «ә» сынып оқушылары Әйгерім мен Куанның орындауында «Тәуелсіздік жылнамасы» оқылып, тәуелсіздік қарлығаштары жайлы сыр шертілді.                     Сонымен қатар  «Үгіт бригада» оқушыларының орындауында желтоқсан каһармандары туралы жыр-дастандарын нақышына келтіре отырып, мәнерлеп оқып берді.

 8 «а» сынып оқушылары Әділхан мен Бекзаттың орындауында Балбырауын» күйі тартылды.

                                           Үлгі бізге аталардың ерлігі

                                           Ұлағатты өнегесі еңбегі.

                                           Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

                                           Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

өлең жолдарымен аяқтай отырып, 8-сынып оқушыларының орындауында «Қазақ елі осындай» әнімен мерекелік концертіміз аяқталды.

   орындаған: ұйымдастырушы-педагог Мекебай Н.

 

 

Теги:  astana,

Комментариев нет
Просмотров: 1112
Автор: 44mektep
Сайт: www.44.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.12.2014 в 00:00