
Сыр-сұхбат сабағы
Президенттің ұлы істерін насихаттай отырып,оқушылардың бойына адалдық,қайырымдылық,достыққа тәрбиелеу, уәдеге берік болуға баулу,өнерге деген құрметін ояту.
Пән мұғалімдері: Кенжебекова Ж.Қ. И.Ж.Муратова
Сыр-сұхбат сабағының тақырыбы: «Елбасы – Ұлы Тұлға»
Сынып: 6 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Д»
Сабақтың мақсаты: Елбасы туралы өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру. жүргізу. Президенттің ұлы істерін насихаттай отырып,оқушылардың бойына адалдық,қайырымдылық,достыққа тәрбиелеу, уәдеге берік болуға баулу,өнерге деген құрметін ояту.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың сабаққа зейінін аударту;
- Ізденіп, зерттеген ақпараттарын кең ауқымды жеткізуі
Мұғалім сабақ басында өзі сөз бастап, бүгінгі тақырып бойынша кіріспе сөз айтты. Оқушыларға берілген тапсырма елбасы туралы көбірек мәліметтер айту. Оқушылар бұл тапсырманы толығымен орындап шықты. Олар осы жайында өз пікірлерін айқын, әрі айшықты бір-бірлеріне жеткізіп, өз ойларын ортаға салып, мұғалімнің берген мәліметтеріне толықтырулар енгізді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша оқушыларға «Ой қозғау» ретінде сұрақтар қойылады. Оқушылар ол сұрақтарды ойланып, өздері толық ойларын атты. Айту барысында оқушылар емін-еркін сөйлеп,ойларын анық жеткізіп отырды. Сонымен қатар оқушылар елбасы туралы көріністер көрсетіп, өткен өмірі жайлы көрсете білді. Елбасы мен отбасы жайлы бейне баян көрсетілді. Оқушылар елбасының сөзіне жазылған әндері орындалды.
Сыр-сұхбас сабағы өту барысында жоспарына өзгерістер енгізілді ме неліктен? Нәтижесі қандай? Сабақ барысында өзгерістер енгізілген жоқ. Барлығы жоспар бойынша ойдағыдай өтті.
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерінің себептері неде? Сабақ жетістіктерге толы болды. Себебі, оқушылар көп ізденіп, өз жетістіктерін көрсете білді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы байланыс тығыз екендігі көрініс тапты. Оқушылар арасында талантты және дарынды балалар өте көп. Оқушылардың барлығы шығармашылыққа өздерінің бай екндерін көрсете білді.
Жалпы айтқанда, сабаққа қойылған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылардың орысында шығармашылық ізденістеріне көңілім толды. Себебі елбасы жайлы шығарған өлең шумақтары да ерекше болды. Оқушылар ізденіп, қосымша деректерін өздері жақсы дәлелдеп шықты. Сабақ соңында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Гүлсара Амангелдіқызы Жұпқалиева өз ойын оқушыларға айтып, сыр бөлісті.
6 «А» сынып пен 7 «д», «В», 7 «Б» сыныптар аралығында өткізілді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жупкалиева Г.А. сөз сөйлеуде