Меню KDT

Әліппеге мың тағзым!

Биыл мектеп табалдырығын аттаған балалар әріп танып, оқу-жазуды үйренудің алғашқы сатысынан өтті. Бүгін 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасты.


«Әліп­пемен қоштасу» ертеңгі­лігіне тыңғылықты дайындалған 1-сынып оқушылары өлең оқып, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Көптің алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығып қалған оқушылар зерек, алғыр екендіктерін аңғартты. Әріптер әлемімен толық танысып, келесі кезеңге қадам басты. Енді балалардың дүниетанымы «Ана тілі» оқулығы арқылы одан әрі кеңейе түседі.

Ертеңгілік соңында оқушылар естелік суретке түсіп, оларға кітаптар мен сыйлықтар үлестірілді.

                                                      С.Уалиева, мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

  

  


Комментариев нет
Просмотров: 479
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.12.2014 в 00:00