
Дзюдодан 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы үшін өткен қалалық жарыстың нәтижелері
2014 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Мақсат» спорт кешенінде дзюдодан қалалық жасөспірімдер арасында ҚР кубогы өтті. Жарысқа Астана қаласы, Ақмола облысының спорт мектебінің ең үздік спортшылары қатысты.
Таңғы 10-да басталған дода қатарласқан екі бозкілем үстінде өтті. Салтанатты түрде 14.00-де ашылған рәсімде іріктеу спаррингтер өтті. Қалған бір жарым күнде іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен спортшылар жартылай және финалдық тартыстарды өткізді.
Дзюдодан Қазақстан кубогын республикамыздың ең үздік төрешілері төрелік етті. Осы дзюдодан Қазақстан Республикасының кубогы үшін қалалық жасөспірімдер арасында өткен жарыста №69 мектеп-гимназияның 7 «ә» сынып оқушысы Тоқпанов Тамерлан ІІІ орынды иеленіп, қола медальға ие болды. Тамерланды жеңісімен құттықтай отырып, биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.