
Біздің Темірлан ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Жарайсың, Темирлан!
Жақында мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Жанибеков Темирлан 20-21 желтоқсанда Мәскеуде өткен куокушинкай кан каратэдан әлем чемпионы атағын алып, І орынды қанжығасына байлап қайтты. 35 мемлекеттен 600, ал Қазақстаннан 40 бала қатысқан бұл жарыстың оңай болмағаны анық. Дегенмен, Алланың қолдауының, таудай талап пен бармақтай бақтың арқасында Темирланның суырылып алға шығуы – әрине, біз үшін үлкен мақтаныш! Темирлан – тек өз мектебінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы! «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда!» - демекші, спортқа деген сүйіспеншілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде Темирлан осындай биік дәрежеге жетіп отыр.
Жарайсың, Темирлан! Толағай табыстарға жете бер! Сенің алар қамалың мен асар асуларың әлі алда! Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды талай асқақтатарсың деген нық сенімдеміз!






Комментариев нет
Просмотров: 336