Меню KDT

«Қалалық инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалі

Фестиваль бірнеше бағыттағы пәндерді біріктіріп бір ортаға жаңа идеяларды жариялайды. Бұл байқауға мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі, жас маман Абилова Айнагүл Төлегенқызы қатысып,


       
        Қаламызда «Қалалық инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалі  өтті. Фестиваль бірнеше бағыттағы пәндерді біріктіріп бір ортаға жаңа идеяларды жариялайды. Бұл байқауға мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі, жас маман Абилова Айнагүл Төлегенқызы қатысып,6-сынып оқушыларына арналған «ABC PASCAL графикасы» атты элективті курсын ұсынды. Бұл құрал мұғалімге арналған әдістемелік құрал және оқушыға арналған практикалық жұмыстардан тұрады. Осы жұмыстарды қорғау нәтижесінде Айнагүл Төлегенқызы  қала мектептері мұғалімдерінің арасында I дәрежелі дипломға ие болса, Алматы қаласында өткен Республикалық деңгейде  ІІІ орынды иеленді.

   Өзінің жан-жақты қабілеттілігін көрсете білген Айнагүл Төлегенқызының жетістіктері жетерлік. Тәрбиелеп отырған шәкірттері көптеген байқаулардың, пәндік олимпиадалардың жеңімпазы атанған.

  Алдағы уақытта Айнагүл Төлегенқызына зор денсаулық, қажырлы еңбек, шығармашылық табыс тілей отырып, білім жолында аянбай еңбек ету барысында көптеген жетістіктердің жемісін көре берсін деген тілек білдіреміз.   

 


Комментариев нет
Просмотров: 959
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.12.2014 в 09:00