
Қош бол, алтын Әліппем!
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында, 2014 жылдың 27-желтоқсанында 1-ші сынып оқушыларының "Әліппемен қоштасу" мерекесі өтті.
Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Кішкентай бүлдіршіндеріміз ұстаздары үйреткен әріптері туралы тақпақ айтып, бірі әсем әуен шырқап, бірі би билеп, мәнерлеп өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салып ата-аналарын бір қуантты.
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.