
Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада
Қараша айының 7-ші жұлдызы күні №74 мектеп-гимназиясында І ауысымда оқитын оқушылардың пәндік мектепішілік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға негізгі пәндер бойынша мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Қараша айының 7-ші жұлдызы күні №74 мектеп-гимназиясында І ауысымда оқитын оқушылардың пәндік мектепішілік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға негізгі пәндер бойынша мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, тарих, құқық пәндері бойынша өз білім деңгейлерін сынау мүмкіндігіне ие болды . Олимпиада тапсырмалары 2 турдан құрылды және олимпиадаға барлығы 65 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша негізгі пәндерден аудандық деңгейге қатысатын 26 оқушы анықталып, І орын иегерлері желтоқсан айында өтетін аудандық олимпиадаға жолдама алды.