Меню KDT

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің апталығы

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің апталығы

    Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән апталығы мектебімізде желтоқсанның 2-6 аралығында өткізілді. Апталықтың жоспары құрылып, бекітіліп,  түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды.


Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің апталығы

    Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән апталығы мектебімізде желтоқсанның 2-6 аралығында өткізілді. Апталықтың жоспары құрылып, бекітіліп,  түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, танымдық білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатта 5-9 сыныптар  арасында «Қызықты грамматика» сөзжұмбақ, ребус плакаттар сайысы ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл –менің тілім » атты өлеңдер мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылар патриоттық тақырыбында өлеңдер оқып, сайысқа түсті. Сайысқа барлығы 17 оқушы қатысты. І орынға 3«Д» сыныбының оқушысы Абдыкаримова Динара, ІІ орынға 3«Д»сыныбының оқушысы Еркебұлан, ІІІ орынға 4 «Е» сыныбының оқушысы Андросенко Давидтер ие болып, мақтау қағазы, құнды сыйлықтармен марапатталды.Оқушылардың қазақ тілінің  білім деңгейін анықтау, тілге деген қызығушылық, құрметін арттыру мақсатта 5-9 сыныптар арасында «Қазақшаңыз қалай?»   зияткерлік сайысы өткізілді. Зияткерлік сайысқа  өзге ұлт өкілдерінің оқушылары: 5«В» сыныбынан Шимшилова Арзу, 6«В» сыныбынан Айбекұлы Урмат,  Кахарманова Наргиз, 7«В» сыныбынан Манцурова Анна, 8«В» сыныбынан   Узенбаева Ариналар қатысты. Сайыс қызықты өтті. Жүлделі І орынға 5 «В» сыныбының оқушысы Шимшилова Арзу, ІІ орынға 6«В» сыныбының оқушысы  Айбекұлы Урмат , ІІІ орынға 6«В» сыныбының оқушысы  Кахарманова Наргиздер  ие болып, мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды.Қазақ тілі пән мұғалімі Силам Б. 9«В» сыныбында «Құрмалас сөйлем»  тақырыбында, Сыздыкова Б.А. 3«Д» сыныбында «Азық-түлік» дүкенінде тақырыбында инновациялық технологиясы бойынша ашық сабақтар берді.
  


Комментариев нет
Просмотров: 670
Автор: 24mektep
Сайт: www.24.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.12.2014 в 12:44