Меню KDT

Оқушылар арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатындағы тренингтер

Қыркүйек айының 26-30 күні  6-11 cынып оқушылары арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатында тренингтер өткізілді. Тренинг рөлдік ойындар түрінде өтті.


        Қыркүйек айының 26-30 күні  6-11 cынып оқушылары арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатында тренингтер өткізілді. Тренинг рөлдік ойындар түрінде өтті.

        Топаралық қарым-қатынасты оңтайландыру, топтық өзара іс-әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың көзқарасы мен пікірлерімен санаса білу, сол секілді психологиялық ахуал туғызу, оқушылардың бойында қорқыныш пен өзіне сенімсіздік тудыратын кедергілерді жоюға ықпал ету, кикілжің жағдайлардан шығу жолдарын табуға ойын әдістері арқылы үйрету мақсатында 10-11 сыныптар аралығында «Өмір-сен ғажапсың», «Өз болмысыңда бол, тек әдемі күйде», 8-9 сыныптарда «Мен кикілжің жағдайда», 6-7 сыныптарда «Мен және менің сезімдерім» атты рөлдік ойындар өткізілді. 30 күні  Жеткіншектер арасында қажеттілік, мотив, өмірлік бағытты қамтитын және соған сай мінез ерекшеліктері қалыптасатын адамдық өзара қарым-қатынас түсініктерін дамыту мақсатында 7-9 сыныптарда психологиялық сабақтар өткізілді.

Сабақ топтық формада  мынадай тақырыптарда жүргізілді:

  • «Көңіл-күй түсі»;
  • «Сенімен қарым-қатынас жасағаныма қуаныштымын...»;
  • «Ыстық орындық» жаттығулары мен
  • «Ассоциация»  ойыны;
  • «Дос іздеймін» хабарландыру.


Комментариев нет
Просмотров: 1101
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.09.2014 в 00:00