Меню KDT

Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі

Желтоқсан айының 19-ы күні «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.


Желтоқсан айының 19-ы күні «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

        Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент оркестрінің әншісі, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының аға ұстазы, мектебіміздің ата-анасы Төленбаева Клара Муфтиқызы ән шырқады және «Қазақстанның білім беру саласында жастар тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие беруде - Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі өзіндік  үлеске ие. Әлемдік білім деңгейінің шыңына бағыт алған жас мемлекетіміздің білімді ұрпағын даярлауда мектеп және отбасының тығыз байланыста болуы өз нәтижесін көрсететіні анық. Дарынды балаларға  қамқорлық көрсетіп, Тәуелсіз мемлекетімізді өркендету бағытында  жауапкершілік танытып, мектеп ұжымымен бірлесіп қызмет атқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!» мәтінімен алғыс хатпен марапатталды.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. «Оқушының шығармашылық  әлеуметін дамытудағы ата-аналармен бірлескен жұмыс»

2014-2015 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының  І жарты жылдық есебі

  1. 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарынапсихологиялық көмек 
  2. 2014-2015 оқу жылындағы ата-аналар комитеті жұмысының  І жарты жылдық есебі
  3. Ағымдағы мәселелер
  4. Оқушылардың  шығармашылығы
Жиналыс соңында 5 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.


  



Комментариев нет
Просмотров: 595
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.12.2014 в 00:00