Ұстаздар мерейі тасыған күн
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына мектептің өзін-өзі басқару ұйымы құрмет көрсетті. Мереке Ұстаздар қауымын таңертең гүл шоқтарымен қарсы алудан басталды. 11 сынып оқушылары әр ұстазға алғысын білдірді. «Ұстазға қошемет» айдарымен шығарылған қабырға газеттерінде барлық оқушылар өз алғыстарын жеткізуге тырысты. Соңынан ұйымдастырылған мерекелік концертте оқушылар өз өнерлерімен ұстаздарға лайықты құрмет көрсетті. Салтанатты жиында мектеп-гимназия директоры О.Ж.Конкабаев Астаналық білім беру жүйесінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі мен қазіргі заман талаптарына сай оқу- тәрбие ісін ұйымдастыруда қол жеткізген табыстары үшін Білім басқармасының марапаттауларын тапсырды.

Комментариев нет
Просмотров: 277