
Оқушыларды шығармашылыққа баулу – кәсіби іскерлік кепілі
Мектебімізде 29 қаңтар күні технология (қыз балалар) пәні бойынша «Оқушыларды шығармашылыққа баулу – кәсіби іскерлік кепілі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар мектеп оқушыларының ән-биімен басталды. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбына біздің мектептің технология пәнінің мұғалімі С.С. Есенберлина коучинг өткізсе, №65 мектеп гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Л.Буран «Ұлттық қолөнердегі кестелеп тігу өнері» , №66 мектеп лицейінің технология пәнінің мұғалімі Р.Ж. Жанжигитова «Былғарыны көркемдеп өңдеу арқылы бұйым жасаудың сырлары» және №45 орта мектептің технология пәні мұғалімі К.Қ. Бөлебай «Матаны көркемдеп өңдеу арқылы раушан гүлдерін жасау» тақырыбында шебер сынып көрсетті.
Қала мектептері технология пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы ынтымақтастықпен бірге, заманауи сабақтардың сапасын көтеруге ықпал етпек.
Пән бірлесітігінің жетекшісі: Р.С. Туашова