
Елорда әкімі дарынды балалармен кездесті
Мектебіміздің бірнеше рет олимпиада жүлдегері атанған 10Ә сынып оқушысы Есімсейітова Айым Елорда әкімімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары және ғылыми жобалардың авторларымен кездесті. Дарынды жастар елорда басшысына өздерінің жетістіктері жайында әңгімелеп, болашақ жоспарларымен бөлісті. Әкім жас көшбасшыларды қол жеткізген нәтижемен шектелмей, одан әрі алға басуға шақырды. Әрі жастардың арасында Билл Гейтс сияқты инноваторлар, Абай Құнанбайұлы сынды философтар, Қаныш Сәтбаев секілді ғалымдар болуы мүмкін екендігін айтып, оларға сәттілік тіледі. Кейінгі ұрпақтың сапалы білім алулары үшін елімізде әлемдік деңгейдегі университет бой көтеріп, интеллектуалды мектептер салынғандығын, «Болашақ» бағдарламасы қабылданып, бұл бағытта әлі де қыруар жұмыстар жасалатындығын атап өтті.
http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/11325-elorda-kimi-daryndy-balalarmen-kezdesti
Комментариев нет
Просмотров: 361