Меню KDT

Көңілді тапқырлар сайысы

11 сәуір күні 4 сынып оқушылары арасында көңілді тапқырлар сайысы өткізілді. 


11 сәуір күні 4 сынып оқушылары арасында көңілді тапқырлар сайысы өткізілді. Оқушылардың бойындағы Әдеттегідей КВН десе ішкен асын жерге қоятын өнер сүйер оқушылар бұл жолы да залға лық толды. Оқушылар арасындағы «Маусымашар-2015» мектепішілік лигасына 4 сынып барлығы 3 құрама қатысты. Көңілді тапқырлар клубтарының арасында ойын көрсеткен құрамалардың үшеуі де алғаш рет сахнаға шығып, өз бақтарын іріктеу кезеңінде сынай білді.Мектеп өмірі, сабақта болған қызықты оқиға. Командалардың негізі әзілдері осы тақырыпта болды. 4 сынып құрамалар да өздерінің осал емес екендіктерін танытты. Топ капитаны әзілдерді күнделікті өмірден аламыз дейді. 4 "А" сыныбынан құралған "Жас қырандар" тобы өздерінің қызықты 5 жаңалығымен жақсы танылды. 4 "Ә" сыныбынан құралған "Мергендер" тобы әртістік қабілеттерімен шыңдалса 4 "Б" сыныбынан құралған "Жас балалар" тобы әртістік қабілеттерімен жақсы таныла білді. Бұл ойын көп оқушының сыры мен қырын жақсы таныта білді. Осындай қызықты ойындар мен сайыстарды жиі өткізу барысында оқушылар өздерінің өнерлерін жақсы көрсетті. Қорытындылау кезеңінде "Мергендер" тобы жеңіске жетіп, мектебіміздің "Нағыз құрама" тобымен жекпе -жек кезеңінде алдағы ойындарда бақтарын сынайтын болады.  


Комментариев нет
Просмотров: 406
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.04.2015 в 23:05