Меню KDT

Бейіндік оқытудың маңызы

 Мектебімізде «Бейіндік оқытудың маңызы»  атты тақырыпта 9 сынып ата-аналары және қала колледждерімен кездесу өткізілді.


2015 оқу жылының 9 сәуір күні «Бейіндік оқытудың маңызы»  атты тақырыпта 9 сынып ата-аналары және қала колледждерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың болашақ өміріне маңызды әсерін тигізетін, яғни арнайы оқу орнына немесе 10-шы сыныпта білімін таңдаған  бағыты бойынша жалғастыру мүмкіндігі туралы айтылды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: бейіндік оқытудың маңызы, мамандық  таңдау бойынша ата-аналарға арналған психологиялық кеңес, 9 сыныптардың білім сапасы, қалалық кәсіптік оқу орындарымен таныстыру. Кездесу барысында ата-аналарға еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып,қажетті мамандықтар рейтингісі ұсынылды. Кездесуге жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналары және қала колледждерінің мамандары қатысты.


Комментариев нет
Просмотров: 391
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.04.2015 в 00:00