Меню KDT

Бәйгеде оза шапқан жас тұлпар

10 сәуір күні Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің тарих факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тарих және «Мәңгілік ел» идеясы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық «Гумилев олимпиадасының» II дәрежелі Дипломымен 11 «А» сынып оқушысы Медетбеков Қайнар марапатталды.


Ғылыми жобаға жетекшілік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Сабанбаева Жанар Мұхаметбайқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ,11 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қалалық мектеп оқушыларының арасында өткен ғылыми тәжірибелік конференцияда Қазақ хандығы дәуірін зерттеу мәселелері:Ұлттық төл деректер мен жаңа тұжырымдар бағыты бойынша № 68 орта мектеп оқушылары Харақожа Сәттігүл,Біләлов Ернұр, Нурмагамбет Нұртас II орын Дипломмен марапатталды. Жетекшілері: Тлеубекқызы Толқын.

 


Комментариев нет
Просмотров: 415
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.04.2015 в 00:00