Қалаған мамандығыңды таңдау – өз қолыңда
Оқушыларды өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының талаптарын есепке ала отырып мамандық таңдауға дайындау мақсатында 2015 жылдың 15 сәуірінде №58 мектеп оқушыларымен «Астана Қамқор» ЖШС экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға 30 астам 9 сыныпты бітіруші түлектер қатысты.

Бұл экскурсияны «Астана Қамқор» ЖШС директорының орынбасары Ж.К.Байжуманов, «Көпбейінді колледжі» МКҚК «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» ПЦК төрағасы А.К.Загипаров және өндірістік оқыту шебері Ж.Хамитов ұйымдастырды.
Жеңіс Қарабайұлы кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен болашақ дамуының перспективасы туралы айтып өтті. Мектеп оқушылары цех жұмысының барысымен танысты. Цех басшылары әр цехтың жұмысы мен орындалуын көрсете отырып, баяндады. Бірінші цехтың шебері Ж.А.Абенов: «Бүгінгі таңда елімізде инженерлі-техникалық мамандықтардың жетіспеуіне қарамастан, көптеген мектеп бітірушілер заңгер, бухгалтер сияқты мамандықтарды таңдайды», - деп, еңбек нарығында қажеттілік тудыратын мамандықтарды таңдауға шақырды.

Теги:
div » img,
Комментариев нет
Просмотров: 393