Меню KDT

Бір тудың астында біріккен қазағым

21 сәуір күні мектебімізде қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажибаева Ұлжанның ұйымдастыруымен "Бір тудың астында біріккен қазағым" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.


21 сәуір мектебімізде қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажибаева Ұлжанның ұйымдастыруымен "Бір тудың астында біріккен қазағым" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.  

Мақсаты: Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағұлмат бере отырып,патриоттық рухын көтеру, ата - бабаларына деген құрметін,еліне-жеріне деген махаббатын арттыру. Тәрбие сағатын тамашалауға 7 арна журналистері де  арнайы қонақ болып қайтты. Оқушылардың әртістік қабілеін шыңдай келе Әжібаева Ұлжан дайындаған оқушылар қазақ хандығының құрылуын көріністе  айқын көрсете білді. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, әрі  ақын ұстазымыз Қалқаева Дамелі Бимағамбеқызы 7 арна журналистеріне өз сұхбатын беріп, қазақ халқын мерекесімен құттықтады.

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.

Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап,  ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.

Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.


Комментариев нет
Просмотров: 379
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.04.2015 в 18:49