
"Рәміздер - тәуелсіздіктің белгісі" зияткерлік сайысы
Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, ілгері ел болу жолында өзінің тұтастығын, болашаққа деген үкілі үміті мен сенімін қасиетті бойтұмардай қастерлеп сақтай білген қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы - Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Таяуда мектебіміздің акт залында "Рәміздер - тәуелсіздіктің белгісі" тақырыбына 9 сыныптардың арасында зияткерлік сайыс өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды.
І кезең - берілген (ҚР мемлекеттік рәміздерін) тапсырманы қорғау;
ІІ кезең - Дода (Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру);
ІІІ кезең - кім көп біледі? (Топбасшылар сайысы);
Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" деген ойынан шыққан оқушыларымыз бүкіл күш-қуаты мен жастық жігерін, махаббатын туған халқына арнайтын білімді жастар екенін көрсете білді.
Педагог ұйымдастырушы, Т.Оразбай