Меню KDT

АҚПАРАТ Астана қаласының білі беру мекемелеріндегі кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша өткізілген мәжіліс туралы

Қатысушылардың алдында психологиялық қолдау кабинетінің меңгерушісі А.Ш.Амерханова сөз сөйледі. А.Ш.Амерханова білім беру мекемелерінің психологтарының алдында кездесетін бір қатар мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, психолог мамандарды ведомствоаралық әрекеттердің ережесі туралы қосымша ақпаратпен таныстырды.

 


 

2015 жылдың 13 сәуірінде 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығындағы психологиялық қолдау кабинеті №35 лицей-мектеп негізінде Астана қаласы білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу туралы мәжіліс өткізді.

Мәжіліс мектеп пен колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен өтті. Жиылыста жалпы санымен  216 педагог қатысты.

 

   

        

Қатысушылардың алдында психологиялық қолдау кабинетінің меңгерушісі А.Ш.Амерханова сөз сөйледі. А.Ш.Амерханова білім беру мекемелерінің психологтарының алдында кездесетін бір қатар мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, психолог мамандарды ведомствоаралық әрекеттердің ережесі туралы қосымша ақпаратпен таныстырды.

Психологиялық қолдау кабинетінің әдіскері Г.Ж.Нурушева жедел әрекет ету тобының жұмысы туралы мәлімет берді.

Мәжіліс соңында, «Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту – өзін-өзі тану» бөлімінің бас маманы Л. Ш. Темирлина өткізіліп жатқан мәжіліс сұрақтарының өзектілігін белгілеп, Білім, Денсаулық және Ішкі істер басқармаларының өзара  әрекеттерін ары қарай дамыту маңыздылығына тоқталып өтті.        

Мәжіліс қатысушылары кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу туралы бағытталған ақпарат пен ұсыныстар алды және қатысушыларға оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде психологиялық қолдау үшін мамандарға көмек ретінде түзете-дамыту сабақтарының әзірлемелері әдістемелік құрал ретінде ұсынылды.

 

Теги:  мәжіліс туралы,

Комментариев нет
Просмотров: 124
Автор: uoanar
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.04.2015 в 00:00