Меню KDT

"Ұлылардан ұлағат" атты мәнерлеп оқу сайысы

 Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Ұлылардан ұлағат" атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына 4 "Ә" сынып оқушысы Мақсұтов Ернар қатысып, Қобыланды батыр жырын жатқа әрі мәнерлеп айтқаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!


Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Ұлылардан ұлағат" атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына 4 "Ә" сынып оқушысы Мақсұтов Ернар қатысып, Қобыланды батыр жырын жатқа әрі мәнерлеп айтқаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. Осындай жырларды  қала мектептерінің майталман оқушылары қатысып, батырлар жырын нақышына келтіріп айта білді. 
Мектебіміздің мәртебесін көтерген 4 "Ә" сынып оқушысы Мақсұтов Ернарды арнайы дипломымен құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 519
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.04.2015 в 23:51