
Отырар кітапханасы және білімді болашақ
Оқушы кітапхана арқылы ақыл – ойдың інжу - маржанын жинайды. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн» демекші, оқушыларды көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету,тарту 1 «В» сыныбында дәстүрге айналған. Сондай –ақ жетекшісі Мара Жамбылқызы оқушылардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін, рухани байлығын қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханашысы Айжан Махшарқызымен бірігіп Л.Н.Гумилёв атындағы университеттің ғылыми орталығы Отырар кітапханасында «Жеңіске, тағзым!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Оқушы кітапхана арқылы ақыл – ойдың інжу - маржанын жинайды. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн» демекші, оқушыларды көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету,тарту 1 «В» сыныбында дәстүрге айналған. Сондай –ақ жетекшісі Мара Жамбылқызы оқушылардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін, рухани байлығын қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханашысы Айжан Махшарқызымен бірігіп Л.Н.Гумилёв атындағы университеттің ғылыми орталығы Отырар кітапханасында «Жеңіске, тағзым!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Әрбір жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын кеңейтіп, жан – жақты білім алуға көмектесетін киелі орда – Отырар кітапханасында оқушылар «Жеңіс туы, желбіре!» атты көрмеге шолу жасады, Майдангер хаттарымен танысты. Ашық сабақ ғалым, тарихи тұлға Ақселеу Сейдімбек мұражайында өтті.
Бұл орын оқушылардың рухты әуендер мен жауһар жырларды ерекше толғаныспен орындауына әсер етті.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік – қалауымыз,
Асқақтаған – жыр – әніміз –
деген жүргізушінің сөзінен соң Әшірбай Мирас орындаған «Қазақ елі» әні барша қонақтар мен оқушыларға рух берді.
Оқушылар Қазақстандық батырлардың ерлігімен бейнебаян арқылы танысты. «Ерлік жыры – ұрпаққа үлгі, өнеге» бөліміндегі оқушылардың жүректен шыққан толғауы сәтті болды. Тәрбие сағаты талантты оқушы Серік Ақмырзаның
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер,
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер.
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! –
деген тілегімен аяқталды. Ғылыми орталықтағы директордың орынбасары Манаева Жанар Бегайдарқызы оқушыларға өз тілегін айтып ризашылығын білдірді.