Меню KDT

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мектебімізде аса қошеметпен тойланды

Ел Президенті Н.Ә.назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992  жыл Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.


 

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.

20 жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі,сабантой дәстүрге айналды.

30 мамыр күні 5 «Б» сынып жетекшісі З.Таубай, 6 «В» сынып жетекшісі Н.Ж.Кусаинова, 7 «Ә» сынып жетекшісі А.Қ.Аяфованың жетекшілігімен біздің мектебіміз де бұл атаулы мерекені барынша дайындықпен, мерекелік көңіл-күймен атап өтті. Мерекелік кешті тамашалаған мектебіміздің директоры Ұ.Б.Байтасова оқушыларға зор ризашылығын білдіріп, оқушыларды әрқашан бірлікке, достыққа шақырды. Кеш соңын әнші қызымыз Жанайкерімнің орындауындағы «Бір үйдің баласындай!» әнімен бірлесе шырқадық.

Қазақстан елінің бірлігі шайқалмасын, бірлік пен татулықта өмір сүре берейік!

 

 







 


Комментариев нет
Просмотров: 598
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.04.2015 в 13:56