Меню KDT

Ақпыз, қара, сарымыз! Ағайынбыз бәріміз!

27 сәуір күні 3 «А» сынып оқушылары бірлік күніне арнап «Ақпыз, қара, сарымыз» тақырыбында саптүзеу өткізді.


27 сәуір күні 3 «А» сынып оқушылары бірлік күніне арнап «Ақпыз, қара, сарымыз» тақырыбында саптүзеу өткізді.

Мақсаты: Бірлік, татулық күнінің маңызын түсіндіріп, еліміздің көпұлттылығын насихаттау, бейбітшілікке шақыру.

«Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығын» алға тарта отырып, оқушылар өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар өзбек, сыған, орыс, ағылшын ұлт өкілдерінің өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының жомарттығын, кеңдігін, дархандығын көрсете білді. Оқушылар ортаға қазақ шаңырағын көтеріп шығып, түрлі түсті таспалар арқылы ұлттар жарасымдығын, достығын жеткізді.

 

Сынып жетекшісі: П.Таубай


Комментариев нет
Просмотров: 585
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.04.2015 в 15:00