
«Қазақ халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен қоғамдық бірліктің іргетасы»
1 Мамыр мерекесі қарсаңында мектебімізде 10 сыныптардың ұйымдастыруымен «Қазақ халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен қоғамдық бірліктің іргетасы» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің мемлекеттік тарих институтының аға ғылыми қызметкері Қалиев Жабай Нұрмақұлы және Ұлы дала тұлғалары сериясымен жарық көрген «Жұмабек Ташенов» кітабының авторы Қанат Еңсенов және белгілі журналист Байғазин Мейрам Жолтайұлы қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Оқушыларға ерекше әсер қалдырған кездесу «Атамекен» әнімен аяқталды.
Т.Оразбай, педагог ұйымдастырушы
Комментариев нет
Просмотров: 493