
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
1 мамыр бейбітшілік күніне орай 2 "Ә" сыныбында «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Садыкова Жанар оқушыларға ынтымақтастық пен достық туралы ұғым қалыптастырды. Оқушылар әр ұлттың киімдерімен киіп қана оймай биін билеп,әндерін айта білді.Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.
Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»
Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Сынып жетекшісі: Садыкова Жанар оқушыларға ынтымақтастық пен достық туралы ұғым қалыптастырды. Оқушылар әр ұлттың киімдерімен қоса биін билеп,әндерін айта білді.Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қырғыздар, Молдавандар, Армяндар, Тәжіктер, Грузиндер, Азербайжандар, Түркімендер, Орыстар, Өзбектер, Украиндар өз өнерлерін ортаға салып, баптарын сынау үшін қонақтарын қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір.