
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, Қазақстан халқы 1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күнін тойлады. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасы ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте , бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Достық шаңырағы» фестивалі өткізілді. Аталған фестивальға 5-10-сыныптар қатысты. Бұл фестивальда оқушылар мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, досытығы берік ұлттардың салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, өнерінен шашу шашты.
Бұл фестивальға оқушылар аса қызығушылықпен, үлкен дайындықпен қатысты.




Комментариев нет
Просмотров: 427