Меню KDT

"Ұлы жеңіске 70 жыл" атты тәрбие сағаты

9 мамыр жеңіс күніне орай  1 "А" сынып жетекшісі Тулегенова Данар оқушыларымен "Ұлы жеңіске 70 жыл" атты  тәрбие сағаты өткізді. "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.


9 мамыр жеңіс күніне орай 1 "А" сынып жетекшісі Тулегенова Данар оқушыларымен  "Ұлы жеңіске 70 жыл" атты тәрбие сағатын өткізді. "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Оқушылар тәрбие сағатында соғыстың басталып жеңіске жеткенге дейінгі кезеңдерін көрініс арқылы жеткізе білді. Оқушылардың әртістік қабілеті ерекше басым болды. Анасының баласынан келген хатты оқып, көзіне жас алуын сомдаған Адильбекова Нұрсезім көрермендер қошеметіне ие болды. Ер балалар соғыс кезеңін, соғысып жатқан әскерлердің жарақаттанған кездерін жақсы ойнап шықты. Осылайша соғыс бітіп қуанған аналардың,адамдардың  қуанышын бейнелеген сәттері көрермен көңілінен шыға білді.Қорытынды бөлімінде оқушылар жеңіс күнін тойлап шағын концерттік қойылым қойды. Бүлдіршіндеріміз жеңістің қандай қиындықпен келгенін, еліміздің бейбіт сүруіне көз жеткізе білді.


Комментариев нет
Просмотров: 660
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.05.2015 в 20:45