
"Біз жастарға сенеміз" жас ұстаздар сайысы-2015
"Біз жастарға сенеміз" атты жас ұстаздар байқауы-2015 өз маманын таңдады. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
"Біз жастарға сенеміз" атты жас ұстаздар байқауы-2015 өз маманын таңдады. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Бұл сайыс өте тамаша өтті. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түсті. Сайыскерлеріміз өз біліктілігн көрсетіп құрмет пен қошеметке ие болды. Байқау кезеңдері:
1 Таныстыру
2 Өз өнерін көрсету
3 Ситуациялық тапсырма
4. Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспар құру.
5. Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Жас ұстаздар барынша талпынып,ізденіс үстінде келгені анық көрініп тұрды.
Білімнің айдынында жүзіп өткен ,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.-дей келе сайыс соңы бүгінгі «Біз жастарға сенеміз» атты жас ұстаздар сайысының гимінімен аяқталды.Мектебіміздің білікті ұстазы Дамелі Бимағамбетқызы ақындық өнерімен әр жас ұстазға өзінің шығарған өлең шумақтарын оқып, сәттілік тіледі.
Қорытындылау кезінде 1 орын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ажибаева Ұлжан, 2 орын математика пәні Бәкір Маржан, 3 орын ағылшын пәні мұғалімі Есентурова Айдана және ең көңілд әрі жас ұстаз деп Құсабаев Серік марапатталды. Барлық қатысқан жас ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!