Меню KDT

"Ұлы жеңіске 70 жыл" атты бірегей сабақ

05 сәуір аталған жоспарға сай барлық 1-10 сынып аралығында "Ұлы жеңіске 70 жыл" атты бірегей сынып сағаттары болып өтті. Әр сыныпта 9 мамыр жеңіс күніне орай әндер шырқалып, көріністер көрсетілді. Барлық мектеп оқушылары бірдей әскери киім үлгісінде келіп белсенді атсалысты.


05 сәуір аталған жоспарға сай барлық 1-10 сынып аралығында екінші сабақ мерзімінде "Ұлы жеңіске 70 жыл" атты бірегей сынып сағаттары болып өтті.  Биыл Ұлы Жеңіске 70  жыл. Ашық есік күніне дайындалған әр сынып 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасады.  Әр сыныпта  әндер шырқалып, көріністер көрсетілді. Барлық мектеп оқушылары бірдей әскери киім үлгісінде келіп белсенді атсалысты. Барлық сынып сынып сағатын өткізгеннен кейін оқушыларға арнайы жиын өткізілді. Жиынның  ашылу сөз кезегінде мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы барлық ұрпақтар үшін 9 мамыр – біздің халқымыздың ерлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы болып табылатын ерекше мейрам. Ол ешкім және ештеңе де фашизмді жеңудегі халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіләлемдік тарихи мағынасын төмендете алмайтынын атап өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 427
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.05.2015 в 20:47