Меню KDT

Жеңіс жолы жаса мәңгі

6 "А" сынып жетекшісі Нысанбаева Сандигуль Жунсалиевна өз сыныбымен " Жеңіс жолы жаса мәңгі" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.


6 "А" сынып жетекшісі Нысанбаева Сандигуль Жунсалиевна өз сыныбымен " Жеңіс жолы жаса мәңгі " атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Жеңіс жолы жаса  мәңгі» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады. Нысанбаева Сандигул Жунсалиқызы өз сөзімен бастаған тәрбие сағаты өте тамаша болды. Соғыста қаза болған батыр аға,апаларымызды шынайы бейнелеген балалардың рөлдерді сомдауы көзімізге жас келтірді. Сабақ соңы залда отырған оқушылармен Ұлы жеңіс туралы тест жүргізуімен аяқталды.


Комментариев нет
Просмотров: 513
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.05.2015 в 21:22