Меню KDT

Қазақстан халықтарының фестивалі

2015 жылдың 30 сәуірінде № 6 гимназияда Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 толуына арналған Қазақстан халықтарының фестивалі өтті.


2015 жылдың 30 сәуірінде № 6 гимназияда Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 толуына арналған Қазақстан халықтарының фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында өзге ұлттардың өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлттық өнері туралы қызығушылық қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм, бейбіт сүйгіштік, ұлттық келісім сезімдерін қалыптастыру, балалардың Отанымыз туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Қазақстанда тұратын халықтар туралы қызығушылықтарын арттыру және құлшыныстарын дамыту.

3. Өз еліне, өз халқына деген мақтаныш сезімдерін ояту, басқа халықтардың салт-дәстүріне құрметтеугетәрбиелеу.

Іс-шарада түрлі халықтардың әндері айтылып, билері биленді. Балалар әр түрлі халықтар туралы ақпарат дайындады. Әрбір команда: белгілі бір халық туралы презентация, ұлттық тағамын дайындау және қорғау, залмен сол халықтың ұлттық ойынын ойнау керек болды. Іс-шара өте қызықты және көңілді өтті, көрермендердің көңілдері көтеріңкі және сол күнге жететін күш-қуат алды.


Комментариев нет
Просмотров: 262
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.04.2015 в 00:00