
Әскери сапта жүру
Ұлы Отан қорғаушылар күніне орай бастауыш 4 сыныптар аралығында әскери сап түзеу салтанатты жиын болып өтті. Мақсаты:Оқушыларды Қазақстан Қарулы Күштеріне қызмет етуге мектеп қабырғасынан бастап дағдыландыру, Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. «Отанды қорғау-Қазақстан Республикасы азаматының борышы мен міндеті» ұғымын түсінулеріне баса мән беру.
Ұлы Отан қорғаушылар күніне орай бастауыш 4 сыныптар аралығында әскери сап түзеу салтанатты жиын болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Қарулы Күштеріне қызмет етуге мектеп қабырғасынан бастап дағдыландыру, Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. «Отанды қорғау-Қазақстан Республикасы азаматының борышы мен міндеті» ұғымын түсінулеріне баса мән беру. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Хасенов Темірбек оқушылардың сапта тұруын, жүруін,әр қадымына басты назар аударды. Оқушылардың бұл меркеге дайындалып, қатысуы өте ерекше көңіл күйлерінен байқалды. Алғашқы әскери мұағілімінің басқаруымен сапта тұрып оңға, солға, айналу ережелерімен қоса сапта жүріп ән салуы да басты назарда болды. Мектеп алаңын айнала сап түзеп жүруі оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артты. Барлық қатысқан 4 сынып оқушылары бірдей формада не болмаса эмблемада келді. Қорытындылау бойынша 1 орын 4 "А" сынып оқушыларынан құралған "Жас қырандар" тобы марапатталды. 2 орын 4 "Ә" сынып оқушыларынан құралған "Сұңқарлар" тобы марапатталды. 3 орын 4 "Б" сынып оқушыларынан құралған "Қырандар" тобы марапатталды.