Меню KDT

Отан қорғаушы және Жеңіс күндері құтты болсын!

Құрметті  Ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Реcпубликасының Отан қорғаушы күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! 


Құрметті  Ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

   Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Реcпубликасының Отан қорғаушы күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Қазақстан әскері қашанда мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі. Елбасымыздың тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында еліміздің Қарулы Күштері бүгінде әлемдік бәскеге қабілетті айбынды армияға айналды.
   9 мамыр – мызғымас елдіктің, жанқияр ерліктің есебімен Жеңіс туын жалаулатқан күн. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. 
   Қан майданда қаза болғандарға – тағзым, ортамызда жүргендерге – құрмет біз үшін қашанда қастерлі борыш. Бүгінгі бейбіт өміріміз, еңселі елдігіміз үшін ардақты ардагерлерге мың тағзым!
Осынау мереке күндері баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
 
Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының ұжымы
 


Комментариев нет
Просмотров: 416
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 08.05.2015 в 00:31