
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
Ер-азаматтардың орны қашан да бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған. Сондықтан халқымыз ер-азаматтарымызды «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымыздың мерекесіне орай мектебімізде «Жігіт сұлтаны - 2015» сайысы өткізілді. Сайысқа ұлдарымыз үлкен дайындықпен келді. Өте тартымды өткен бұл сайысқа 8-11- сынып ұлдары қатысты.
Байқау мынадай шарттардан тұрды:
- «Мен – атаның ұлымын». Таныстыру.
- «Шынықсаң, шымыр боласың». Берілген уақытта жата көтерілу, гір көтеру.
- «Жігітке жеті өнер де аз». Өз өнерлерін ортаға салу.
- Кешкі сән үлгісі.
Жігіттерімізді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін дегіміз келеді.


Комментариев нет
Просмотров: 345