Меню KDT

Ұлы Жеңіске - 70 жыл


Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай мектебімізде «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды» атты ардагерлермен мерекелік кездесу өткізілді. Кездесуге келген ардагер Рысбеков Шыныбек атамызға мектеп-гимназия директоры Алма Қайрбулатқызы құттықтау сөз сөйлеп, шексіз алғысын білдірді.
Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жарияланды. Мерекелік концертте оқушылар ән айтып, би биледі, соңында «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Ұйымға қабылданған оқушыларға галстукты ардагер Рысбеков Шыныбек атамыздың өзі де тақты.
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымыз Гүлнұр Төлеубекқызы оқушылармен бірге мерекелік концертке келе алмаған ардагерлеріміз Рейтаров Анатолий Михайлович, Кожумуратов Аубакир Куйбакович және Моисенко Нина Васильевнаның үйіне барып, құттықтап қайтты.




Комментариев нет
Просмотров: 371
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.05.2015 в 00:00