Меню KDT

«Соғыстың ұзақ жолдары...» әдеби-музыкалық композициясы

9 мамыр – біздің тарихымыздағы ерекше және қасиетті күн.


 9 мамыр – біздің тарихымыздағы ерекше және қасиетті күн. Биылғы жылы фашист басқыншыларын жеңіп шыққанымызға арналған Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Осы жылдардың барлығында Отанымыздың тәуелсіздігін қорғаған халықтың өшпес ерлігі туралы естелік әрбір қазақстандықтың жүрегінде. Бұл ескерткіш өшпеуі тиіс!
 6 мамырда Юрий Гуров атындағы № 6 гимназияда халқымыздың өшпес ерлігі мен даңқы, мақтанышы, Отанымыздың тәуелсіздігін қорғаған халықтың өшпес ерлігінің символына айналған Ұлы Жеңістің жарқын мерекесіне арналған «Соғыстың ұзақ жолдары...» атты әдеби-музыкалық композициясы өттіі. Ол бүгін де баршамызды біріктіріп, бір-бірімізге жақындата түседі, Ұлы Қазақстанның гүлденіп, өркендеуі үшін, оның жеңілмес халқы үшін болашаққа деген сенімді арттыра түседі.

Әдетке айналған дәстүр бойынша мерекеге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, Израил мемлекетінің елшісі Элияу Тасман, Астана қ. "ЛУКОЙЛ Оверсиз" филиалының директорының кеңесшісі М.Х.Ахметов, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, педагогикалық ұжым, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Әдеби-музыкалық композицияға гимназияның 6-11 сынып оқушылары, «Көк орамал» биін композияцяға ең кішкентай қатысушылар – бірінші сынып оқушылары орындады. Барлық қатысушылар өздері орындаған ән, би, оқыған өлеңдері мен сахналандырылға көріністері арқылы Жер бетінде өмір сүру үшін күрескен адамдарға өз сезімдерін білдірді.

 


Комментариев нет
Просмотров: 303
Автор: 6mektep
Сайт: www.6.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.05.2015 в 00:00