Меню KDT

Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атады. Ұлы Жеңіске 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды! Осыны ұлықтау мақсатында

 9 «Ә» жетекшісі: Смагулова Назгүл Бекзанқызы

10 «В» жетекшісі: Аренова Жәмиля Сәбитқызының

ұйымдастыруымен  соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл тағылымы мол болған мәдени іс - шараның мақсаты Жеңіс ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақ санасын патриоттық тәрбиені ұялату, жауынгерлердің майдан шебіндегі өмірінен жастарға үлгі – өнеге, тағылым беру еді.

Кештің құрметті қонақтары:

  1. Бекмоди Ахат
  2. Боранбаев Мнайдар
  3. Тобашев Барлыбай
  4. Ауенахимов Шуган
  5. Сабиляев Алимжан –

ақсақалдарымыз болды.

         Кештің көрнекілігі, көрсетілген презентациялар, оқушылар қойған көріністер өте ерекше болды. Оқушылар оқыған рухты жырлар, жауһар әндер кешке қатысқан әр адамды толқытып, әсер етті. Жалпы кешті ұйымдастырған Назгүл Бекзанқызы, Жәмиля Сәбитқызы жоғары деңгейдегі шығармашылықтары мен ізденістерін байқатты. Оқушылар аға ұрпақтың қаһармандығы мәңгі жасайтынын өз толғауларымен жеткізе білді. Кеш соңында ардагерлерге оқушылар атынан сыйлықтар табыс етілді.

                Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері көп болсын!

                Мәңгілік елімізде, мәңгілік бейбітшілік болсын!

                Ерлік өтпейді, ер ұмытылмайды! – деген көркем ойлармен кеш жүргізушілері әр көрерменге рух берді.

Комментариев нет
Просмотров: 441
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 09.05.2015 в 12:09