
"Мәңгілік алау" мемориалдық кешеніне саяхат
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мектебіміздің 1в сынып оқушылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті. Мектепте іс-шаралар, сыныптарда тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, осы бейбіт күнге жеткізген ата-бабаларымыздың ерліктерін паш етіп, қойылған ескерткіштерді тек қана бейне суреттерден ғана емес, өз көздерімен көріп сезіне білу мақсатында 1в сынып оқушыларын сынып жетекшісі, жоғары санатты, білікті ұстаз Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы "Мәңгілік алау" алаңына алып барып, сыныптан тыс экскурсиялық сабағын өткізді.
Оқушылар өздерінің Жеңіс күніне арналған тақпақтарын оқып, ән шырқады. Бұл көріністі ата-аналар, "Мәңгілік алау" маңында саяхаттап жүрген қала тұрғындарыда тамашалады. Оқушылар 1 минут үнсіздіктен кейін алау маңына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.


Комментариев нет
Просмотров: 478