
«Қазақстан әскерлері» әдеби-сазды қойылымы
2015 ж. 4 мамырда №17 мектеп-гимназиясының оқушылары Бірінші Президент мұражайында ҰОС ардагерлеріне арналған «Қазақстан әскерлері» атты театрландырылған қойылым көрсетті. «Қазақстан әскерлері» қойылымы – бұл алапат соғыста жеңіске жеткен әрбір кеңес әскері мен әрбір еңбеккерге айтқан шексіз алғысымыз!
2015 ж. 4 мамырда №17 мектеп-гимназиясының оқушылары Бірінші Президент мұражайында ҰОС ардагерлеріне арналған «Қазақстан әскерлері» атты театрландырылған қойылым көрсетті. «Қазақстан әскерлері» қойылымы – бұл алапат соғыста жеңіске жеткен әрбір кеңес әскері мен әрбір еңбеккерге айтқан шексіз алғысымыз!
Жеңіс күні! Бұл күннің біз үшін маңызы қандай? Біздің аталарымыз бен әкелерімізге бұл жеңіс қандай қиындықпен келді? Және біз олардың ерліктерін ұрпақтар ұмытпас үшін не істей аламыз?
Белгілі әнде айтылғандай бұл - «көзге жас үйіретін қуаныш мерекесі».Бұл күнге біз көптеген өмірді қыршынынан қиған, азапты еңбекке толы жылдар арқылы жеттік.Бұл жылдар біздің көп ұлтты халықтарымызды бір қатарға тігіп, жас пен кәріні өз жері мен елі үшін, Отанымыз үшін жауға қарсы тұруға мәжбүр етті.
Біздің ұрпақ - кеңес әскерлерінің ерліктері туралы ел аузынан емес, сол ерлікті жасаған батырлардың өз аузынан естіп қалар тарихтағы соңғы ұрпақ. Біздер жеңімпаз ерлерімізге бейбіт өмір мен бақытты балалық шағымыз үшін шексіз алғысымызды өзіміз білдіре алар бақытты ұрпақпыз.
Осы соғысқа қатысқан отандастарымызды мақтан тұтамыз. Генерал П.И.Панфилов, мерген қыз Әлия Молдағұлова, капитан Бауыржан Момышұлы –біздің атақты жерлестеріміз, осы қойылымның басты кейіпкерлері.Мұнда тек соғыс көріністері ғана емес, қарапайым әскерлердің күнделікті өмірі де суреттеледі: олардың айтқан әндері, билеген билері мен әңгімелері. Сұрапыл соғыс күндеріндегі әскерлердің әзілқойлығы мен қалжыңбастығы олардың ерекше ержүректілігінің белгісі. Тылдағы өмірдің де соғыстағыдан қиыншылықтыры мен қауіп-қатерінің кем болмағандығын осы қойылым арқылы беруге тырыстық. Бірақ соғыстағы әскерлеріміз де, тылдағы еңбекшілеріміз де жеңіске деген сенімдерін жоғалтпай, ертеңгі күнге үмітпен қарап, сол арқылы фашизмді жеңуге басты үлес қосқан.
Осы қойылымға біз бүкіл ынта-жігерімізді жұмсап, соғыс кезінің атмосферасын орнатып, батырлардың тұлғаларын көрерменге неғұрлым жақын таныстыруға тырысып бақтық. Пайдаланған декорацияларды өзіміздің мектептегі Даңқ мұражайынан алдық. Аталарымыз бен әкелеріміздің жасаған ерліктерін ұмытпауға міндеттіміз! Олардың есімдерінің алдында тағзым етіп, бас иеміз! Барлық ұрпақ оларға мәңгі қарыздар!
Рөлдерді сомдаған барлық әртістер үлкен шеберлік көрсетті. Қарымсақов Тимурды(11Б), Ибрагимов Ильярды(11В),Әкеш Ажарды(11В), Рахымжанов Заңғарды(10Б),Халит Асхатты, Деточкина Дарьяны(10Б),Когай Максимды (10Б), Баржукова Анеляны (10Б),Нариман Айриканы(10Б), Карев Рустамды(9Б), Елубаева Әнелді (9Б), Мамытбек Жанелді(8Б),Каримов Абайды (8Б), Құрманғазин Сұлтан-Әмірді(5Б),Хашиев Магомедты(5Б) атап өткен жөн.
Ал сценарийді жазып, оны сахналандыруға үлкен үлес қосқан гимназия директоры Р.Ф.Өмірбаева, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Н.Нұркишева, Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.С.Мұртазина, Тарих пәнінің мұғалімі А.И.Салмақова, ән-күй мұғалімі И.С.Мұхамеджанова, бейнелеу өнері мұғалімі Н.Б.Сарсенов, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.И.Рихтер ерекше алғысқа ие.