Абай оқулары
Астана қаласы жалпы білім беретін оқу орындарының оқу тілі орыс тілінде жүретін оқушылар арасында қалалық Абай оқулары байқауы өтті. Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені - білген адамға айқын шындық. Биылғы Абайдың 170 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қалалық Абай, Шәкәрім оқулары байқауы №53 мектеп-лицейінде өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты: Оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл-қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп танытып отырады. Құшағын кең жайған дарқан қазағым десеңші…! Бүгін міне елімізде тұратын қаншама өзге ұлт өкілдері де осындай іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Қалалық іс-шараға №53 мектеп-лицейінің оқушылары белсенділік танытып іс-шараны бастап берді 9«В сынып оқушысы» Қазыбеков Гафуржан Абай рөліндегі оқушы және 9 сынып оқушысы Молдабекова Айдана «Сегіз аяқ» әнімен келген қонақтарды өз өнерлерімен таң қалдырды. Байқауға қатысқан оқушылар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын, қара сөздерін жатқа оқу, «Көңілім әнді ұғады» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы және «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» - Жас дарындар байқауы номинациялары бойынша байқауға қатысты.

Комментариев нет
Просмотров: 561