Меню KDT

Мектебіміздің оқушылары ардагерлермен және тыл қызметкерлерімен кездесу өткізді

 «Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар...» 
 «Ауылыңда қарт болса, жазулы тұрған хатпен тең», дегендей арамызда жүрген ардагерлеріміздің ұрпаққа айтар өсиеті жанға азық, өмірімізге темірқазық бола алады. Туған елді, Отанды сүюге, оған қорған болуға ғұмырын сарп еткен қарттарға қандай құрмет көрсетілсе де, артықтық етпейді.

  Сұрапыл соғыстың көзі тірі куәгерлері туралы, олардың ғұмыр жолы туралы мерекеде ғана емес, әрдайым айтып отыруға тиіспіз.

  Сол жылдарда тылда еңбек еткен жандардың өнегелі ісін насихаттау мақсатында Астана қаласының №49 орта мектебінің оқушылары арнайы сыйлықтары мен медальдарын алып үйлеріне барды.

Тыл ардагерлері көзіне ыстық жас алып, жас ұрпақтарға тілектері мен лебіздерін білдірді.

Комментариев нет
Просмотров: 408
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.05.2015 в 00:00