Меню KDT

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші

Астана қаласы   №49 орта мектебінде 11 мамыр күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді.


Астана қаласы   №49 орта мектебінде 11 мамыр күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат  болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің  47 оқушы «Жас Қыран» 30 оқушы қабылданды. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы кіргізіліп, әнұранымен ашылды. Ұйымға қабылданушы оқушылар  «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Болашақ ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын  тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Джумартова Данара Мейрамбекқызы сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.

                 

                 

            
                 


Комментариев нет
Просмотров: 328
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.05.2015 в 00:00